АЦЕТИЛЕН

АЦЕТИЛЕН HC≡CH — түссіз газ, қайнау температурасы — 83,8 °С, тығыздығы 1,0896 г/л. Оны 1836 жылы ағылшын химигі Э. Дэви ашқан, 1862 жылы француз химигі Бертоле синтездеп алған. Ацетилен сутегісінің қышқылдық қасиеті болғандықтан сілтілік металдармен ацетиленидтер түзеді, ал p-электрондар бұлтының қатысуы арқылы әр түрлі элементтермен комплекстер құрайды. Ацетиленге қосылу реакциясы тән. Ол екі сатыда жүреді: алдымен этилен, одан кейін алкан туындылары түзіледі. Ацетиленді галогендеу реакциясы тетрахлорэтилен, трихлорэтилен, винилхлорид т.б. галогенді туындылар өндіруде қолданылады. Ацетилен әр түрлі катализаторлар көмегімен сумен әрекеттесіп сірке алдегидін түзеді. Ацетиленге спирт қосу арқылы әр түрлі бағалы полимерлер және сополимерлер алу үшін қолданылатын мономерлер өндіріледі. Ацетиленді ĕ-пирролидонға қосқанда N-винилпирролидон, ал оны полимерлеу арқылы жасанды қанның негізін құрайтын зат алынады. Ацетиленнің карбонилді қосылыстармен әрекеттесуінен ацетиленді спирттер, ал олардан әр түрлі биология активті және микроэлектроникаға қажетті заттар өндіріледі. Ацетиленнің циан қышқылымен әрекеттесуінен акрилонитрил, ал көміртек тотығымен, спирттермен не аминмен әрекеттесуінен акрил қышқылының эфирлері мен амиді түзіледі. Бұлар өте құнды полимерлер алуға жұмсалатын мономерлер. Ацетилен кальций карбидін сумен өңдегенде алынады. Ацетиленді табиғи газды электрокрекингтеу, термототықтыру крекингі, пиролиздеу арқылы және плазмохимиялық жолмен де өндіреді. Ацетилен 5000°С температурада немесе 0,2 МПа қысымда жарылғыш келеді. Басқа газдармен араластырса (азот, метан, пропан т.б.) жарылу қаупі азаяды. Ацетиленді инертті кеуек заттармен толтырылған (ағаш көмірі) болат баллондарда, ацетондағы ерітінді түрінде 1,5 — 2,5 МПа қысымда сақтайды және тасымалдайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *