АХУНДОВ МИРЗА ФАТАЛИ

АХУНДОВ МИРЗА ФАТАЛИ, Фатих –Али  (12.7.1812, Әзербайжан Респ. Нуха қ. – 10.03. 1878, Тифлис) — әзірбайжан жазушысы, қоғам қайраткері, философ. Нуха қаласында орыс-әзірбайжан училищесін тамамдаған. Парсы, араб, орыс тілдерін жетік меңгерген. «Пушкиннің өліміне» деген алғашқы поэмасы 1837 ж. орыс тілінде жарияланды. «Алданған жұлдыздар» повесі (1857) әзірбайжан әдебиетін жаңа деңгейге көтерді. Ахундов латын және орыс әліппесінің негізінде әзірбайжан тілінің жаңа алфавитін жасады. «Үнді шахзадасы Кемал-уд-Доуланың парсы принці Жалалуд – Доулаға үш хаты және оның жауабы» дейтін философиялық трактатында ислам дінімен ғылымның қоғамдағы орны, табиғат құбылыстарын зерттеу керектігі, философияның негізгі мәселесі — ойлардың болмысқа қатысы туралы өз пікірлерін баяндайды. Ахундовтың бұдан басқа «Философ Юмға жауал», «Джон Стюарт Милль бостандықты» т.б. саяси-философиялық, әдеби-сын еңбектері бар. Ахундовтың шығармалары Таяу Шығыс пен Орта Азия халықтары демократиялық жаңа әдебиетінің, реалистік прозаның қалыптасуына зор ықпал етті. Көркем творсчество арқылы патша өкіметінің отаршылдық саясатын әшкереледі. «Мемлекеттің игі жақсы қоры» және «Ерші Жүсіп туралы хикаясы» қазақ тілінде жарық көрді (1989).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *