АХУН (парсыша: ахунд— 1. мұсылмандық діни лауазым. 2. баулушы, ұстаз. 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласында қолданылған діни лауазым. Орта Азияны билеген Бұхар хандығының тұсында ислам ғұламаларының ең жоғарғы лауазымы болды. 1860 жылы Л.Толстойдың қабылдауында болған қазақ мүфтиі Уәйіс ғұламаның екінші лауазымы — Ахун Мүфтидің шариғат негізінде айтылған фатуасы Ахунның келісімінсіз жүзеге асырылмаған. Қазіргі кезде Ахун деген діни лауазымның орнына наиб мүфти лауазымы ендірілген.