АХМЕТ ИШАН КЕСЕНЕСІ

АХМЕТ ИШАН КЕСЕНЕСІ — 20 ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Сарысу өзенінің төменгі жағында Сіңіртек деген жерде 1926 жылы Жақсыбердіұлы Ақберген шебер Ахмет Ишан бейітінің басына тұрғызған.
Кесене күйдірілген кірпіштен көлемі әртүрлі екі үлкен бөлме түрінде салынған. Үлкен бөлмесінде зират бар, кішісін кіреберіс дәліз және зиаратхана ретінде салған. Осы кіші бөліктің үстіне екінші қабат салынған. Кесененің үлкен бөлігі (7,0 х 7,0) күмбезбен жабылған. Ішінен еденнен көтерілген сегіз арқа күмбез астымен бірігіп кеткен. Бөлмеге кіретін шағын ойық П сияқты маңдайшамен өрнектелген. Бір ғажабы бөлмеге кіретін есік бұл емес, Оңтүстік бүйіріндегі қас бетінде, ал мына жалған есік қазақтың дәстүрлі кесенелеріне ортақ ерекшелік болып табылады. Кіші бөлмедегі екі баспалдықтың біреуі кесененің төбесіне шығады, екіншісі шағын күмбезді зиаратханаға көтеріледі. Қабырғаның кертпеш ернеуі мен үлкен күмбездің әр жеріне таспен бірге қалап жіберген қысқа таяқтарды есептемегенде кесенеде ешқандай әшекей жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *