АХМЕТ ИАСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ 

АХМЕТ ИАСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ — Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми журналы.1996 жылдың қараша айынан бастап, екі айда 1 рет Түркістан қаласында шығады. Көлемі — 10 б.т., таралымы — 500 дана, мұқабасы түрлі түсті фотосуреттермен безендіріледі. Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары сериялары кезектесіп шығатын бұл басылымда мақалалар төрт тілде — қазақша, түрікше, орысша және ағылшынша жарияланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *