АХМЕТОЛЛА ҚАЛИҰЛЫ

АХМЕТОЛЛА ҚАЛИҰЛЫ (15.10.1940 ж.т., ШҰАР, Тарбағатай айм. Толы ауд.) – ақын, жазушы. Қытайдағы Іле пед. ин-тын бітірген (1958). Білім беру, баспасөз саласында жұмыс істеген. Қытай және түркі тілдерін меңгерген. «Жапырақ» (1983), «Қайдар» (1984), «Арыс» (1987), «Арда Алтай» (1987), «Атаман қызы» (1991), «Аққу» (1997) сияқты поэзиялық, прозалық шығармалары жарық көрген. «Қазақ тұрмыс-салт жырлары», «Шыңжаң қазақ әдебиеті» атты ғыл.-зерт. Кітаптары бар. «Хайдар», «Жарық көрмеген мақала», т.б. ғылыми еңбектері жарияланған. ШҰАР-да балалар әдебиетінің үздігі сыйлықтарына ие болған. Аз ұлт әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде Қытай Халық Республикасының мәдениет энциклопедиясына енген. 1996 жылдан Иасауи атынд. Халықар. Қазақ-түрік ун-тінің доценті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *