АХМЕТОВ ӘБДІРАШИТ РАХЫМҰЛЫ

АХМЕТОВ ӘБДІРАШИТ РАХЫМҰЛЫ (7.4.1924, Қарағанды облысы Шет ауданы) – тарих ғылыми доктор (1970), профессор (1972), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1974). Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазМУ-ды бітірген (1949, қазіргі ҚазҰУ). Осы университетте кафедра меңгерушісі, оқытушы қызметтерін атқарды. 1980–1986 ж. Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы институтының – СОКП ОК жанындағы марксизм-ленинизм институты бөлімшесінің директоры болды. Әбдірашит республикалық кәсіподақтарының тарихы, кеңес дәуіріндегі Қазақстанның өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайын, олардың өндірістік және әлеум. белсенділігін зерттеді. Осы тақырыпқа байланысты 200-ге тарта ғыл. еңбек жариялады.31 ғылым кандидатын даярлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *