АХМЕТОВ ТЕМІРБЕК (1919 жылы туған. Алматы облысы Бақанас ауданы Маралды ауылы — 1952 жылы, Алматы) — домбырашы , күйші. Ахметов жасынан домбыраға құмар болып, Хатшыбай деген домбырашы нағашысынан күй үйренген. Келе-келе халық күйлерін және халық композиторларының күйлерін шебер орындаушы дәрежесіне көтеріледі. Орындаушылықты әбден меңгердім деген кезде ол өз жанынан күй шығаруға талап қылады. Оның халық арасына көп тараған күйі — “Жетім бала”. Бұл күйқазірге дейін Ахметовтің күйшілік қарымын танытатын бірден-бір шығарма болып отыр. Ахметов күйлерінің ерекшелігі — көбінесе квинта бұрауында (теріс бұрау) келеді. Темірбек Ахметов 1937 жылдан Құрманғазы атындағы оркестрде еңбек еткен.