АХМЕТОВА Шәйза (Шаһизада) (8.3.1948 ж.т., Шығ.Қаз. обл.Тармеч ауд. Георгиевка с.) – актриса, Қазақстан халық әртісі (1998). Алматы мемл. Консерваториясын бітірген (1970). Сол жылдан бастап Қазақтың М.Әуезов атынд.драма театрында А.Күнсұлу (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» және «Ой, жігіттер-айында»), Қарлыға, Теңге (М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыландысы» мен «Айман-Шолпанында»), Электра (Л.Дюрконың «Электра-сүйіктім меніңінде») Картина (У. Шекспирдің «Асауға –тұсауында»), Қызметші (Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде») рөлдерді ойнады. А. шығармашылығы характерлік рөлдерге бейім. Сондықтан оның бейнелеуіндегі Қарлыға, Электра, Симона сияқты образдар көрерменнің ықыласына бөленген.