АХМЕТОВА  БЭЛА ҒАБДҰЛҒАЛИҚЫЗЫ

АХМЕТОВА  БЭЛА ҒАБДҰЛҒАЛИҚЫЗЫ (12.11.1938 жылы туған, Алматы) — ғалым, профессор (1995). Қазақстан Мемлекеттік Университетінді бітірген (1961). 1967 жылдан осы жоғары оқу орнында оқытушы. Алғашқы ғылым жұмысын протонографияның кейбір мәселелерін зерттеуден бастады. Ахметованың тікелей қатысуымен зарядталған бөлшектердің (протондардың, альфа-бөлшектердің) кристалдармен әсерлесуі, энергиясы 100 кэВ-ке дейін жететін протондардың әр түрлі дозасымен сәулелендіру кезінде металдар мен қорытпаларда блистерлердің пайда болуы зерттелді. Бұл зерттеудің термоядр. реактордың 1-қабырғасының материалын таңдау үшін маңызы зор болды. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). 50-ден астам ғылым еңбектің авторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *