АХМЕТЖАН ҚАСЫМИ

АХМЕТЖАН ҚАСЫМИ (шамамен 1911 — 1914, қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы — 1949, Қытай) — Шыңжаңдағы (Қытай Халық Республикасы) Үш аймақ төңкерісі басшыларының бірі. Ұлты — ұйғыр. 1936 жылы Мәскеу Шығыс еңбекшілері ун-тіне оқуға түскен. 1942 жылы Қытайға барып, Шәуешек және Құлжақаласында жасырын түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 1942 жылы желтоқсанда полиция Үрімші түрмесіне қамады. 1944 жылы жазда түрмеден босап шығып, Құлжада Үш аймақ төңкерісіне қатысты. Үш аймақ (Шығыс Түркістан республикасы) Уақытша үкіметі құрамында әскери бөлімінің бастығы, үкімет мүшесі қызметтерін атқарды 1945 жылы қазанда Үш аймақ уақытша үкіметінің ресми өкілі ретінде Үрімшіге барып, Гоминдан үкіметімен бейбіт келіссөз жүргізді. Нәтижесінде он бір тармақты бейбіт бітімге қол қойылды. 1946 жылы Шыңжаң өлкелік бірлескен үкіметі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 1947 жылы Гоминданның бейбіт келісім жөніндегі шарттарды бұзғандығына наразылық ретінде үкімет құрамынан шығып, Құлжаға оралды. Шыңжаңда бейбітшілікті қорғау демократикалық одағын құрып, оның төрағасы болып сайланды. 1949 жылы 27 тамызда Пекинге бара жатқанда белгісіз жағдайда ұшақ апатынан қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *