АХМЕДСАФИН УФА МЕҢДІБАЙҰЛЫ

АХМЕДСАФИН УФА МЕҢДІБАЙҰЛЫ (15 шілде 1912, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, 2-ауыл — 21 қазан 1984, Алматы) — көрнекті ғалым, қазақ кеңес гидрогеологы, геология — минералогия ғылымының докторы (1947), Қаз. КСР Ғылым Академиясының академигі (1954; корр. мүшесі 1951). Қазақстан КСР-інің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері (1961), Социалистік Еңбек Ері (1969).Орта Азия индустрия институтынын бітірген (1935).КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалында, кейін Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдары институтынында бөлім меңгерушісі (1940 — 1965),Қазақ тау-кен институтынының (қазіргі Ұлттық техникалық университет) кафедра меңгерушісі (1948 — 1951),Қазақстан Ғылым Академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтынының директоры (1965 — 1984) болды. Қазақстанның гидрогеологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Оның ғылым еңбектері Қазақстан мен Орта Азия шөлді аймақтарының гидрогеологиясын зерттеуге арналған. Ахмедсафин жерасты су көздерін, олардың пайда болу, қалыптасу, таралу заңдылықтарын ашты. Сондай-ақ жерасты суларын картаға түсіру, гидрогеологиялық карталарды жасаудың жаңа тәсілдерін қарастырып, гедрогеологиялық болжамдаудың негізін қалады. Ахмедсафин ұсынған басты теориялық және әдістемелік қағидалар тұңғыш рет Қазақстанның түбегейлі гидрогеологиялық болжам карталарын жасауға мүмкіндік берді, бұрын сусыз деп саналып келген шөл-шөлейт аймақтарда көптеген тұщы сулы артезиан және грунт суларының алаптарын ашуға негіз болды. Ол жер астындағы тұзды және аз тұзды сулардың табиғи және пайдаланылатын, жылма-жыл толықтырылатын қорын анықтап, оны өнеркәсіпке ауыл шаруашылығында, елді мекендерде, мал жайылымдарында, сусыз жерлерді суғаруға тиімді пайдаланудың жолдарын негіздеді.Қазақстан Мемл. Сыйл.лауреаты (1980). Ленин орденімег, т.б. ордендер және медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *