АХМЕДОВ Тимур Ғалымұлы (20.11.1931 ж.т., қазіргі Тараз қ.) – ғалым тех.ғыл.докт. (1976), проф. (1983). Қазақстанның еңб.сің. ғыл. қайраткері (1988). Мәскеу энергетика ин-тын бітірген (1956 ж.). 1956-57 ж. «Алматы СЭС құрылысы» басқармасында кен шебері, аға прораб болды. 1957-95 жылдары Қазақ энергетика ғылыми зерт.ин-тында аспирант, ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерінатқарды. 1995 жылдан осы ин-т директорының ғыл.кеңесшісі. Негізгі ғыл. еңбектері су техникасын, электр ст-ның гидравликасын және селден қорғау құрылыстарын зерттеу мәселелеріне арналған.