АХМАТУЛЛИНА НӘЗИРА БӘДРЕТДИНҚЫЗЫ

АХМАТУЛЛИНА НӘЗИРА БӘДРЕТДИНҚЫЗЫ (1930, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Степняк қ.) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1985), профессор (1991), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003). Халықаралық дәрігерлер ассоциациясының мүшесі (1999). Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1954). Қазақстан ғылым академиясының Микробиология және вирусология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1958—73), зертхана меңгерушісі (1973—95) болды. 1995 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жалпы генетика және цитология институтында зертхана меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері молекулалық генетика мәселелерін, Қазақстанда полиомиелит ауруын жою және онымен күресу жолдарын зерттеуге арналған. А. адамның тұқым қуалау және өзгергіштік қасиетіне қоршаған ортаны радиациялық, химиялық және биогенді ластағыштардың әсерін, мутант вирустарды сұрыптау әдісін қарастырып, вирус бөлінуін тездететін жаңа тәсіл ұсынды, грипп миксовирустарының биологиясын зерттеді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1974). Есімі Қазақстанның «Алтын кітабына» енгізілген (1981). А. 200-ден астам ғылыми мақаланың, 8 монографияның авторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *