АХМАДИЕВ КӨПЕН ҚАБЫЛҚАСЫМҰЛЫ

АХМАДИЕВ КӨПЕН ҚАБЫЛҚАСЫМҰЛЫ, (6.12.1955 жылы туған, Өскемен

қаласының) — әскери қайраткер, генерал-майор (9.12.1996).1973 жылғы 1 қыркүйектен Қарулы Күштер қатарында. Ресей Федерациясындағы Әуе қорғанысы зениттік-ракета училищесін (1976), Әуе қорғанысы әскери командалық академиясын (1989) бітірген. Взвод, батарея командирі, штаб бастығы — зениттік-ракета дивизионы командирінің орынбасары, командалық пункт бастығы, зениттік-ракета дивизионның командирі, зениттік-ракета полкі командирінің орынбасары, полк штабының бастығы, зениттік-ракета полкі командирі қызметтерін атқарған. Қазақстан Республика Қорғаныс Министрлігі Әуе қорғанысы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығы (1998). Бірнеше медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *