АХАЛТЕКЕ

АХАЛТЕКЕ – түрікмен жылқысының ертеден келе жатқан тұқымы. Шыққан жері — Түрікменстанның Ахал шұраты және Өзбекстанның Ферғана аңғары. Ақалтеке сымбатты, жүйрік (ұшқырлығы 1000 метрге І мин 06 сек., 2000 метрге 2 мин.22 сек), ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайды. Шоқтығына дейінгі биікт. 154 — 157 см, тұрқы 154 — 158 см, кеуде орамы 167 — 173 см, жіліншігінің орамы 18-19 см. Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр, басы жеңіл, мойыны ұзын, аяқ алысы әсем келеді. Кейде теке танаулысы да ұшырасады. Еуропаның көптеген елдерінде Ақалтеке жылқылары жанкүйерлерінің ассоциациясы мен қоғамдары жұмыс істейді. Ақалтеке тұқымынан араб, таза қанды ағылшын, қарабақ т.б. жылқы тұқымдары алынған. Қазақстанда Жамбыл облысының “Луговой”, Алматы облысының “Дегерес”, Оңтүстік Қазақстан облысының “Ақтас” жылқы совхоздарында өсіріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *