АФФЕКТ 

АФФЕКТ (лат. affects — жан толқынысы) — адам көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, әсерленуі (долдану, үрейлену, т.б.). Жас балаларда жиі кездеседі. Аффект кезінде оқыс қимыл-қозғалыстар (ерекше мимика, ым-ишара) жасалып, қатты дауыс шығады (айқайлау, жылау). Мыс., тынышсызданудан басталған қорқу сезімі үрейленуге ұласып, Аффект дәрежесіне жетеді. Қуаныш кернеген немесе қайғы-қасіретке душар болған ересек адамның да жан толқынысы Аффект түріне өтуі мүмкін. Аффекттің сыртқы белгілері адамның өзіндік ерекшеліктеріне (еркіне, жоғарғы жүйке жүйесінің қызметіне) байланысты. Аффект ұзақ уақыт бойы бойын билеп алған адамның сыртқы түрі өзгеріп, жүйке ауруына шалдығуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *