АФТЫ

АФТЫ (грек. (phthaі — жара) — шырышты қабатта пайда болатын күлбірек жара. Ол ауыздың, мұрынның, көздің, жыныс мүшелерінің шырышты қабатында әр түрлі аурулардың салдарынан (вирустық герпес стоматиті, Бехчет, Турен синдромдары, герпес баспасы) пайда болады. Афтының үлкендігі 5 мм-дей, жара жиегі шеңбер сияқты, ол қызарып тұрады. Жаралар саны 50-ден 100-ге дейін жетеді, 5 — 30 күн аралығында ізі қалмай жазылып кетеді. Афтыны емдеуге антисептикалық майлар, А витамині, интерферон пайдаланылады. Тазалық ережелерінің сақталуы қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *