АФРИКА -АНТАРКТИДА ҚАЗАНШҰҢҚЫРЫ 

АФРИКА -АНТАРКТИДА ҚАЗАНШҰҢҚЫРЫ — Оңтүстік Сандвич аралдары мен Кергелен жотасы аралығында, Антарктика құрлығы жағалауындағы қазаншұңқыр. Ұзындығы 6200 км, ені 1500 км. Ең терең жерлері 300 — 400 шығыс бойлық аралығында (6787 м). Қазаншұңқырдың солтүстік-шығысында Обь (230 м), Лена (251 м) қайраңдары шоғырланған. Солтісігіндегі Атлант және Үнді мұхиты айдынынан Африка — Антарктика су асты жотасы бөліп жатыр. Табаны мұхит қыртысының қалың шөгінділерімен жабылған, аз тілімделген тегіс және аласа төбелі абиссальді жазықтардан тұрады. Жекелеген су асты жоталары жанартау әрекетінен пайда болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *