АФРАСИАБ — іргесі (б.з.б. 1-мыңжылдықта қаланған көне қала орны), ежелгі Соғды мемлекетінің саяси-экономикалық орталығы. Самарқан қаласының шетінде ескі жұрты сақталған. Александр Македонский (IV ғасыр) жаулап алғанға дейін үлкен қала болған. Афрасиаб жеке адам ретінде болып “Авеста” кітабында кездеседі. Көне эпостарда Тұран жерінің билеушісі болып, осы Афрасиабты салдырғаны айтылады. VIII ғасырда Соғдының Араб халифатына қосылуына байланысты Афрасиаб қаласының қолөнерімен және сауда бөлігі мен айналысатын — рабад гүлдене түсті. Х ғасырларда Самани әулеті тұсында қала мейлінше өркендеді. Афрасиаб қаласы өз кезінде дүние жүзіндегі ірі қалалардың бірі болды. Алғаш 1874 жылы Борзенков қазған. 1885 жылы Н.И. Веселовский зерттеп, Афрасиаб қаласы ескі Самарқан қаласының орны екенін дәлелдеді. 1905 жыл тарихшы В.В. Бартольд, 1905 — 1931 жылдары В.Л. Вяткин зерттеген. Афрасиаб қаласы қамал мен 4 қатар қорғаныс қабырғалардан тұрады. 1220 жылы Шыңғыс хан әскерлері қиратқан. Оның жанынан қазіргі жаңа Самарқан қаласы салынды. Қазба жұмыстары барысында Шыңғыс хан әскері өртеген мешіт, Х ғасырдан қалған үлкен мешіт, тұрғын үйлер, көзешілер мен қолөнершілер үйлері, су құбырлары ашылды. 1945 жыл Афрасиабты А.И. Тереножкин зерттеп, көзе бұйымдарды, қару-жарақ, еңбек құралдарын, шағын мүсіндер мен , әшекейлер тапты. Табылған заттай деректер Афрасиаб қаласы жоғары дамыған өркениет орталығы болғанын көрсетеді.