АФИНАТТАУ

АФИНАТТАУ — (фр. affinage) — металдарды қоспаларынан ажырату және бөлектеу жолымен өте таза асыл металдар алудың металлургиялық процесі, рафинадтаудың бір түрі. Оның құрғақ, сулы және электролиттік әдісімен алтын мен күміс, ал сулы төсілімен палладий, иридий, родий және т.б. металдар алынады. Құрғақ әдісте балқытылған металл хлормен немесе күкіртпен өнделеді, ол тек алтын және күміс алу үшін пайдаланылады. Аффинаж нәтижесінде алынған алтынның тазалығы 99,65%, күмісте 99,90% болады. Қазақстанда А.процесі Өскемен және Балқаш қ-ндағы алтын өндіретін кәсіпорындарда қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *