АУҒАНСТАН, Ауғанстан ислам мемлекеттері – Оңт. Батыс Азиядағы мемлекет. Аум. 652,2 мың км2. Астанасы – Кабул (1,5 млн., 1992. Халқы 20,3 млн адам (1993). Ауғанстан жері 29 уәлаятқа және 2 округке бөлінеді. Мемл.тілі – тушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады. (негізіне, сунниттер).
Табиғаты. Жерінің ¾ бөлігінен астамы таулы. Елдің солт.- шығысынан оңт. – батысына қарай өте ірі Гиндукуш тау жоталары созылып жатыр (ең биік жері 6729 м.). Оны А-ның оңт-де Газни-Кандагар таулы үстірті, ал оңт.- батысында Бактрия, Регситан, Дашти-Марго шөлдері жатыр. Климаты субтроптиктік, құрғақ. Шілде айының орташа темп-расы 240С-ден 320С-қа, ал қаңтар айының орташа темп-расы 00-тан 80С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 350 мм-ден аспайды. Ірі өзендері: Әмудария, Герируд, Гильменд, кабул, Мургаб. Кен байлықтары – мұнай, табиғи газ, тас көмір, графит және асыл тастар.
Тарихы. Қазіргі А. жерінің солт.бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінен, оңт. Бөлігін қола дәуірінен мекендей бастаған. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында бұл жерде құрылған мем-тердің бірі бактрия болды. А. туралы алғашқы деректер б.з.б. 6 ғ-дан сақталған. Бұл кезеңде ол Ахемен әулеті билеген Парсы импеиясының құрамында болды. Б.з. 1-4ғ-ларында А. жерінде кушан патшалығы дәуірледі. 6 ғ-дың 60-жылдарында А. жерінің бір бөлігі Түрік қағандығына, екінші бөлігі Сасан әулетіне бағынды. 7-8 ғ-ларда А. жерінің басым бөлігі арабтарға қарап, ислам діні кеңінен тарады. 1220 ж. елді Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 16 ғ-да А. жерінде ұлы Моғолдар мен Сефеви әулеті билік жүргізді. Орта Азиядан ығысқан Бабыр 1504 ж. Кабулды, кейін ауған жерін тұтас жаулап алып, Ұлы Моғол әулетіне бағындырды. Жеке иеліктерге бөлінген А. жерінде 1747 ж. Ахмад шаһ Дуррани басқарған алғашқы ауған мемлекеті орнады.