АУЫСПАЛЫ ҚАУ

АУЫСПАЛЫ ҚАУ (лат. Stipa anomala) – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық өсімдік. Батыс Қазақстан аймағындағы далалық жерлерде кездеседі. Биіктігі 50 — 60 см, сабағы тықыр, буын айналысы қауырсын түкті келеді. Түбі шымдана шоғырланып өседі. Сабағының ұзына бойына иіле орналасқан жіңішке тықыр, кейде бұдырлау жапырақтарының диам. 2 мм, ал қылтанының ұзындығы 20 — 25 см. Гүл шоғы — қысыңқы, көп масақты. Маусым — шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Ауыспалы қау — құнарлы мал азығы. Таралу аймағының жылдан-жылға азаюына байланысты, ол қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *