АУЫЗ ҮЙ

АУЫЗ ҮЙ, ауыз бөлме-дәстүрлі қазақ қоғамындағы қыстауға салынған үйдің кіреберіс бөлмесі. Үйдегі бөлмелердің аз-көптігі әрбір отбасының тұрмыс жағдайына байланысты болған. Бірақ ең кедей отбасының өзі 2 бөлмелі үй және қосымша шағын аула салған. Сол екі бөлмелі үйдің алдыңғысы — ауыз үй, кейінгісі — төр үй болып есептелген. Орташа ауқатты отбасыларында бөлмелер саны 3-тен кем болмаған: ауыз үй, ас үй (қазандық), төр үй. Ауқатты отбасылар бұған қонақ үй мен балалар жататын үйді қосып, бөлмелер санын 5 — 6-ға жеткізген. Кедей отбасыларында жеке ас үй (қазандық) болмаған. Асты ауызүйде пісіріп, азық-түлікті, ыдыс-аяқты осында ұстаған. Кей жылдары ауыз үйде ерте туған төлді (қозы, лақ, бұзау) ұстауына тура келген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *