АУТСАЙДЕР

АУТСАЙДЕР (ағылшынша outsіder — бөтен) — экономиканың белгілі бір салалары құрамындағы әртүрлі себептермен монополиялық бірлестіктерге кірмейтін шағын және орташа кәсіпорындар. Озық технологияларды игере алған, кейбір жеке кәсіпкерлер немесе кәсіпорындар тауардың өзіндік құнын кемітіп, жоғары пайда түсіріп монополиялық бірлестіктермен бәсекелесуі мүмкін. Монополиялық бірлестіктер баға саясатын жүргізе отырып, аутсайдерлерді шикізаттан, несиеден, жұмысшы күшінен айыруға әрекет жасайды. Кейде биржа ісін негізгі кәсіпке айналдыра алмай жүрген кездейсоқ биржа алып сатарын да аутсайдер деп атайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі “Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығын қорғау туралы” жарлығында шағын кәсіпорындарды қорғаудың кешенді шаралары белгіленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *