АУА РАЙЫ

АУА РАЙЫ — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы. Ол көбіне атмосф-ның төменгі тропосфера қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, А. р-н өзгертетін негізгі процестер осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі биіктіктегі атмосф. процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан жер бетіндегі А. р-ның өзгеру себептерін білу үшін атмосфераның жоғарғы биік қабаттары зерттеледі. А. р. метеорол. өлшемдермен (температура, қысым, жел, ауа ылғалд., бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын) және атмосфералық құбылыстармен (тұман, найзағай, боран, дауыл т.б.) сипатталады. Жер бетіндегі А. р-ның өзгеруі тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды. А. р-ның көп жылдық режимі климат деп аталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *