АУА

АУА – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы: азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%). Тығызд. 1,2928 г/л, суда ерігіштігі 29,18 см3/л. А. су мен жер қыртысының құрамында да болады. А. мен судың қатысымен жер бетіндегі аса маңызды геол.процестер жүреді. А-ның негізгі құрам бөлігі оттек – адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп, оттекті атмосфераға кері қайтарады. Азот белоктар құрамына кіреді. А-ның құрамында азот пен оттектен басқа аз мөлшерде аргон (0,93%), көмірқышқыл газ (0,3%) инертті газдар, сутек, озон, т.б. бар. А. өндңрңсте отынжағумен байланысты процестерге, сондай – ақ кейбір газдарды: мыс., отек, азо, аргон, криптон, ксенон, неон, гелий бөліп алу үшін қолданылады. Өнеркәсіп пен транспорттың дамуы А-ның ластануына, яғни ондағы зиянды қоспалардың көбеюіне әкелді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау шараларының ішінде ауаны тазартудың орны ерекше.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *