АТЫС ТҮРЛЕРІ 

 АТЫС ТҮРЛЕРІ — қару түріне, оқтың бағытына, тактикалық мақсатқа, т.б. жағдайларға байланысты атыс жүргізу әдістері. Қару түріне қарай ату қаруы (тапанша, автомат, пулемет, танк) миномет, артилл. атысы; мақсатына байланысты: ұрыстық, сынақтық, тәжірибелік және шұғыл атыс; оқтың бағытына қарай: қарсы алдынан, қапталдан және айқастыра ату; тактик. мақсатқа қарай: тік ату, тоғыстыра ату; оқтың жиілігіне қарай: біртіндеп ату, үздіксіз ату, себелеп ату, бастырмалата ату; жүргізу тәсілі мен әдістеріне қарай ашық және жабық позициялардан жеке нысананы ату, шоғырландыра ату, жатып ату, тізерлеп, отырып, тұрып, жүріп келе жатып ату, ұрыс машиналары оқтығы арқылы, автомобиль үстінен ату, т.б. түрлерге бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *