АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ — мәдени-концерттік мекеме. 1966 ж. шілдеде ұйымдастырылған. Алғашқы директоры Ғ.Үмбетов. Кезінде филармония жанынан құрылған «Атырау — Жайық» фольклорлық ансамблі бүкіл республикамызға, шет елдерге де танымал болды. Сондай-ақ, оның құрамында «Нарын» фольклорлық-этнографиялық ансамблі бар (1998). Филармонияда Қазақстанның еңбек сіңірген артистері — Ұ.Қарақұлова, М.Төрешев, халықаралық байқаудың лауреаты С.Жұмағалиев, Республикалық байқаудың лауреаты Ш.Жаменовалар қызмет істейді. Филармонияға 1991 ж. Н.Жантөриннің есімі берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *