ӘБУ-Л-ҚАСЫМ ӘЛ-ФАРАБИ

ӘБУ-Л-ҚАСЫМ ӘЛ-ФАРАБИ(1130 жыл, Отырар – 1210 жыл) – ойшыл-ғалым.Отырарда білім алып, кейін оны Иасы, Шаш, Самарқан және Бұқара қалаларында одан әрі жалғастырған. Философия, логика, этика, тарих, география, астрономияіспетті ілімдерден жан-жақты мәліметі болған және бұл салаларда терең ойлы тұжырым, көзқарастары арқылы айтарлықтай із қалдырған. Болмыс шындығы туралы “Ғылым түрлері” аталатын еңбегінің қолжазбалары Үндістан, Голландия, Түркия, Египет, Ватикан кітапханаларында, Ташкент пен Санкт-Петербургтің Шығыстану институтарында сақтаулы. “Таза шындық” — Ғибратқа толы, тағлымдық мәні бар қанатты сөздермен жазылған, психология, имандылық және дін ілімі бойынша әрі қысқа әрі нұсқа мағлұмат беретін “Таза шындық” атты еңбегінің мазмұны Қожа Ахмет Иасауи “Хикметтерімен” (“Даналық сөздерімен”), Жүсіп Баласағұнидың “Құтадғу білігімен” ұқсас деуге болады. “Таза шындық” өзі өмір сүрген қоғамы мен халқын рухани тазалыққа үндеген, адалдық пен имандылыққа шақырған игілікті дүние. Ол ой мен бой, тән, жан тазалығын сақтауға үндейтін өсиетімен, ислам іліміндегі “мемлекеттің қарапайымдылығы, құдірет иесінің кешірімділігі, ашу кезіндегі ақыл, мүсіркеусіз қайырымдылық” деген төрт қағидасын уағыздауымен құнды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *