АҺЛ ас-СУННА

АҺЛ ас-СУННА (араб. – «Сунна адамдары») – Суннаға мойынсұнып, оны қолдап-қуаттаушы суниттер тобынының атауы. Сунна- шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол Мұхаммед пайғамбардың іс-әрекеттері мен айтқан өсиет-тұжырымдарынан тұрады. Аһл ас-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифаны мойындау (Әбу Бәкр, Омар, Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Талиб), алты хадистер жиынтығын мойындау (Сахих әл-Бұхари, Сахих Муслим, Сунан Әбу Дәуд, Жамиғ әт-Тирмизи, әс-Сунан әс-Суғра, Сунан Ибн Маджаһ) және негізгі төрт сүнни мазһабтың (фиқһ мектебі) біріне тиіс болу (мәлики, ханафи, ханбали және шафиғи). Иран мен Ирактысанамағанда Аһл әс-Суннаға өкілдері саны жағынан мұсылман елдерінің барлығында басым. Қазақтар да Сүннетті мойындаушылар қатарына, яғни Аһл әс-Суннаға жатады және ханифшылар ағымын ұстанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *