АЩЫСАЙ- Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Қаратұрық ауылдық округі құрамында. Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей жерде. Тұрғыны 3,6 мың адам (1997). Іле жазығының куаң агроклиматтық белдемінде жатыр. Шалғынды сортаң топырағында құрақ, боз, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі. Ауылдың шаруа (фермер) қожалықтары, негізінен, өсімдік ш-мен (темекі және көкөніс өсіру) айналысады. А-да орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік пункт және т.б. мәдени орындар бар. А. арқылы Алматы –Нарынқол автомоб.жолы өтеді.