АШИРОВ АХМЕТЖАН АҚСУПИҰЛЫ (20.8.1938 жыл, Алматы облысы Шелек ауданы Малыбай ауылы) — Жазушы, драматург. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1961).Мектепте мұғалім, Қазақ радиосында диктор болды.Республикалық “Коммунизм туғи” газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы (1970 — 1979). Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші (1982 — 1986), 1986 жылдан хатшы болып істейді. “Осылай өмір сүргім келеді” аталатын алғашқы повесі 1965 жылы жарық көрді. “Мұны ұмытуға болмайды” (1969),“Солмайтын гүл” (1977) атты повестер мен әңгімелер жинақтары,“Жалғыз жалбыз” романы (1987) жарияланған. “Өлмейтіндер” (1973),“Мақамшы” (1979),“Дихан” (1984),“Жылпос” (1987) пьесалары Ұйғыр муз. комедия театрында қойылды.Шығармаларында адамгершілік, парасат, адал еңбек, адамға адамның мейірбандығы, достығы, кертартпа салт-санамен күрес сияқты әлеумемтік және қоғамдық мәселелер көтеріледі.Шаңғытбаевтың “Ой, жігіттер-ай” комедиясын, Г.Лорканың “Қанды құдалық” пьесасын ұйғыр тіліне (1970) тәржімалады.Ашировтың бірқатар шығармалары Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.