АЦЕТАТТАР

‎ АЦЕТАТТАР (латынша аcetum — сірке суы) — сірке қышқылының күрделі эфирлері мен тұздары; эфирлері — гүлне жеміс иісті түссіз сұйықтық; тұздары — кристал зат. Ацетаттарды металл оксидін, гидроксидін, карбонатын сірке қышқылында еріту арқылы алады. Ацетаттардың эфирлері жұпар иісті зат ретінде және полимерлерді синтездеу (мыс., винилацетат), ал тұздары маталарды өңдеу т.б. үшін қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *