АХМЕТ ИБН МҰХАММЕД (туған-өлген жылы белгісіз ) — Батыс Қарахан мемлекетінің билеушісі (1129—1930) (Сатұқ Боғра хан — Мұса — Әли — Насыр Елік (Элик) хан — Ибрагим Бөрі тегін — Дауд — Сүлеймен тегін — Мұхаммед — Ахмет). Ахмет ханның әкесі Мұхаммед Арслан хан деген атақпен 30 жылдай билік құрған. Өмірінің соңғы жылдарында қатты ауырған соң Насыр атты ұлын тең билеуші етеді. Бірақ дін басылары ұйымдастырған бүлікте Насыр қаза табады да, оның орнына Ахмет тең билеуші болады. Ахмет хан бүлікшілердің жетекшілерін өлтіріп, елді тыныштандырды. 1130 жылы Самарқанға басып кірген Санжар шаһ ауру Арслан ханды қолға түсіріп, Балхтағы қызының қолына жөнелтті, билікке Қарахандар әулетінің басқа өкілін отырғызды. Ахмет ханның жаңа билеушіге қарсы ұйымдастырған көтерілісінен нәтиже шықпады.