АХМАД ИБН ХАНБАЛ

АХМАД ИБН ХАНБАЛ ,Ахмад ибн Ханбали (780, Бағдат қаласының — 855) — 4 ұлы имамның бірі. Әбу Абдулла Ахмад Мухаммад ибн Ханбал ибн Хилал ибн Абад ибн Идрис ибн Шайбанның баласы. Бабасы Ханбал атымен танымал болды. Әкесінен жас қалып, анасының тәрбиесінде өсті, ілім алды. Анасы — София Маймуна. Ахмад Ханбал бүкіл саналы өмірін ілім-білім жолына бағыштаған. Имам аш-Шафиден фикх негіздерін үйренген. Муталшылдар үстемдігі кезінде қуғынға түсті. 851 жылы Ахмад ибн Ханбалды халифа әл-Мутауаккил патша сарайына шақырып, тарту-таралғы сыйлайды. Ол осыдан бастап қуғыннан да, кедейлік азабынан да құтылады. Ахмад ибн Ханбал ұстаздығын екі бағытта жүргізген. Үйінде шәкірттерге арнайы дәріс берсе, мешітте көпшілік қауым алдында уағыз айтқан. Ахмад Ханбалдың ең танымал кітабы — “Муснад”. Мұнда 40000 хадис бар. Сахабалар туралы жазылған “Зухд”, намаз туралы “Соламу” атты еңбектері де кең тараған. Ахмад Ханбалдың “уағыз-жауаптары” оның көзі тірісінде-ақ жинақталып, жүйеленген. Кейін ол ханбалшылардың құқықтық іліміне негіз болды. Мұсылман әлеміндегі ең беделді төрт мазһабтың бірі — осы ілім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *