АФРИКАНЕРЛЕР

АФРИКАНЕРЛЕР , бурлар- халық, Оңтүстік Африка Республикасында, Намибия, 

Зимбабва, Замбия т.б. елдерде тұрады. Жалпы саны 3 млн. адамнан астам (1992). Негізінен Еуропа нәсіліне жатады. Көне голланд, Еуропа тілдерінен көп сөз араласқан төл тілдерінде сөйлейді. Жазуы латын графикасына негізделген, христиан дінін ұстанады. 1652 жылы голландиялық француздар, неміс отаршылары құрған Кап колониясынан 17 — 18 ғасырларда бүкіл Оңтүстік Африка елдеріне тарап қоныстанған. Колония шаруашылығы құл иеленушілік тәртіпке негізделді. 1806 жылы Ұлыбританияның Кап колониясын басып алуы, құл иеленудің жойылуына (1934), А-дің Кап колониясынан кетуіне, банту тайпаларының жерін алып, Оңтүстік Африкада өз алдына мемлекет құруға әкеп соқтырды. 19 ғасырдың 70-жылдарында Африканерлердің жаңа қоныстарынан алмаз бен алтынның мол қоры табылуы ағылшын отаршыларының бұл жерлерге де мүдделігін арттырды, 1899 — 1902 жылдары Ұлыбритания Трансваль мен Тәуелсіз Бур мемлекетін жаулап алды. Африканерлер 20 ғасырдың басында ұлт болып қалыптасты. Негізгі кәсібі — мал бағу, бидай, жүгері, жемістер (сизаль т. б.) өсіру. Бір-бірінен алшақ қоныстанған, фермерлік отбасыларында қатал пуритандық дәстүр қалыптасқан. Африканерлер армияда, полицияда, мемл. қызметте өте көп. Мәдениет пен отбасында еуропалық рәсімдерді ұстанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *