АУА-МЕТАН ҚОСПАСЫ

АУА-МЕТАН ҚОСПАСЫ , кен қазбаларында тау жыныстарынан метанның бөлінуі нәтижесінде пайда болатын ауа қоспасы. Метан көмір шахталарында өте көп бөлінеді, сондай-ақ ол калий, күкірт, кейде темір, никель кентастарын өндіретін т.б. шахталарда да кездеседі. Метанның мөлшеріне байланысты жануы немесе қопарылуы мүмкін. Қоспа құрамында метан мөлш. 5 — 6%-ке дейін болғанда ол атылмайды, 5 — 6 %-тен 14 — 16 %-ке дейін болғанда, қопарылыс тудыруы мүмкін, ал 14 — 16 %-тен жоғары болғанда атылады әрі сырттан оттегі қосылса жанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *