АТ ҚҰЙРЫҒЫН КЕСІСУ

АТ ҚҰЙРЫҒЫН КЕСІСУ — араздасу белгісі. Екі адам қатты араздасып, көріспестей болса, атының құйрығын шорт кесіп тастайды. Мұндай рәсімнен кейін қазақтар тіпті, торқалы той, топырақты өлімде де ымыраға келіспейді. А. қ. к. көшпелі халықтар ішінде моңғолдарда да кездеседі. Араздық белгісін ат кекілін кесісу арқылы білдіретін де әдет бар.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *