АТ СҮЙЕК БЕРУ

АТ СҮЙЕК БЕРУ , ат сүйек — Қазақ хандығындағы жауынгерлік салт, майдан үстінде аты оққа ұшқан ханды, қолбасыны жау қолына түсірмей қағып алып, екінші атқа отырғызу. Мысалы, 1750жылы Шорға шайқасында Абылай ханның астындағы аты оққа ұшқанда, Жәнібек батыр Бердәулетұлы өзінің астындағы көкдөненін мінгізіп, ханды аман алып қалған. Кекілік тауындағы шайқаста Кенесарының аты ұйыққа батып өлгенде қарулас жолдастары үш бурылды қатар алдына тартып, аман алып қалуға әрекет жасаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *