АТҚАРУШЫ  ЖӘНЕ БИЛІК ЖҮРГІЗУШІ БИЛІК 

АТҚАРУШЫ  ЖӘНЕ БИЛІК ЖҮРГІЗУШІ БИЛІК — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.  Атқарушы және билік жүргізуші органдар — Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдарының жетекші буыны. Оған ҚР Үкіметі, респ-ның министрліктері, мемл. к-ттер мен идаралары (ведомстволар), жергілікті атқарушы органдар, мемл. мекемелер мен кәсіпорындардың әкімш-тері жатады. Мемл-тің әлеум.-экон. саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарын белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; мемл. меншікті басқаруды ұйымдастырады; сыртқы саясатты жүргізу шараларын іске асырып, респ. заңдарымен белгіленген басқа да міндеттерді атқарады. Бұл органдар өздерінің атқарушылық және билік жүргізушілік қызметтерінің мазмұнына орай мемл.-өкіметтік уәкілеттіктерді, яки, құқықтық актілерді шығару және оларды жүзеге асыру құзіретін иеленеді. Тұтастай алғанда, бұл органдарға дербес құқық шығару, құқық қолдану және құқық қорғау уәкілеттері берілген. А.ж.б.ж.о. қызметінің заңға бағыныштылығы — олардың құқықтық ахуалының ең басты мәні. Олар өздерінің атқарушылық және билік жүргізушілік сипаттағы қызметтерін Конституцияның, заңдардың талаптарына сай, өз құзіреттерінің шегінде атқаруға тиіс. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *