АТЫРАУЛЫҚ ШӨГІНДІЛЕР

АТЫРАУЛЫҚ ШӨГІНДІЛЕР – нің теңізге, көлге құятын жерінде жиылған теңіздік, қолтықтық және құрлықтық шөгінді жыныстар. А. ш. беттік, беткейлік және негіздік болып бөлінеді. Беттік шөгінділер су жиегінде қалыптасады. Оның құрамында құмды саздар, малтатастар, шымтезекпен көмір қабаттары, ірі кесекті жыныстар мен алеврит кездеседі. Беткейлік шөгінділер жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарымен, ірілі-ұсақты кесектермен араласып, көлбеу қабатты беткей болып түзіледі. Негіздік шөгінділер пирит, сидерит, т.б. минералдардың, флорақалдықтарының өте ұсақ түйірлі тұнбасы түрінде атырау суының түбіне көлденең қабат болып түзіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *