АТТИЛАНЫ ТОҚТАТҚАН ЛЕОН І

АТТИЛАНЫ ТОҚТАТҚАН ЛЕОН І– Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті өкілі Рафаэль Санти (1483 — 1527) салған әйгілі сурет-фреска. Әлемдегі бейнелеу өнерінің бұл асыл қазынасы “Қасиетті Леон мен Аттиланың кездесуі” деп те аталады. Фреска Ватикандағы Елиодар залының бір қабырғасын безендіріп тұр. Суреттің сюжеті бойынша Леон І Аттиланы Қасиетті Рим қаласына кіруден бас тартуға көндіргенін дәріптеуге арналған. Алайда, тарихи шындық — Аттила Римді алудан өз еркімен бас тартқан. Рим қаласын одан бұрын вестготтар мен вандалдар бірнеше рет тонаған еді. Ұлы қолбасшы олардың жолын қайталағысы келмеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *