АТТИЛАНЫҢ ГАЛЛИЯҒА ЖАСАҒАН БІРІНШІ ЖОРЫҒЫ

АТТИЛАНЫҢ ГАЛЛИЯҒА ЖАСАҒАН БІРІНШІ ЖОРЫҒЫ — 6 ғ-да латын тілінде жазылған белгісіз автордың көлемді поэмасы. 13 ғ-да көшіріліп жазылған поэманың қолжазбасын 1777 ж. Бавиера архивінен (Италия) неміс тарихшылары тапқан. Автор 5 ғ-дағы Еуропа құрлығындағы жағдайды, Еділ патша қолының Батысқа жорығына қатысты тарихи оқиғаларды дәл жеткізуге тырысқан. Қолжазба кітапта Аттила мен Ғұн империясына байланысты Еуропадағы ескерткіштер аталады, ғұн тіліндегі деректер, Аттиланың ұлағатты сөздері келтіріледі. 1780 ж. М.Фишер бұл поэманы Мюнхен қ-нда көп таралыммен баспадан шығарған. Поэмадағы аса құнды мәліметтер Батыс Еуропаның көптеген тарихшыларының ғыл. еңбектеріне негіз болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *