“АТТАН” — ядролық сынаққа қарсы бұқаралық қозғалысты ұйымдастыру мақсатымен құрылған қоғамдық ұйым. 1990 ж. “Невада — Семей” халықаралық қозғалысының жанынан халықтық штаб ретінде құрылған. Басты мақсаты — әлемде ядролық жарылыстарсыз бейбіт өмір, қауіпсіз тұрмыс орнату ісіне ықпал ету, қоғамдық пікір қалыптастыру. Осы бағытта бірнеше саяси шаралар өткізді. Әсіресе, ұйымның Лобнордағы (ҚХР-ның Шыңжаң автон. ауд-дағы) полигонды жабу жөнінде талап қойған қозғалысы бүкілхалықтық қолдау тапты (1994)