АТОЛЛ - Топтаса өсетін маржандар атаулы суасты жәндіктерінің ңалдыңтары есебінен қалыптасқан шығыршың түрңылас ізбестасты жартастардан тұратын арал. Атоллдың негізін су астындағы жанартаулар төбесі құрайды, ал оның беткі қабатын маржан жәндіктерінің әктасты құрылымдары көмкереді. Атолл аралдарының жалпы диаметрі 200 м-ден 50 км-ге жетеді, маржаннан түзілген сақинасының ені 100—200 м болады. Сыртқы беткейі тік жар (45۫), ішкі жағы көлбеу болады. Ортасындағы қолтықтың тереңдігі 40—100 м. Атолл Тынық және Үнді мұхиттарының тропиктік белдемдерінде жиі кездеседі.