АТМОСФЕРАЛЫҚ ОПТИКА —
метеорологияның жарықтың атмосферада шашырауынан, сынуынан, шағылуынан және жарық дифрактануынан пайда болатын оптикалық құбылыстарды зерттейтін бір бөлімі. А. о. зерттейтін құбылыстарға көкжиектің қызыл түске боялуы, сағым, жұлдыздардың жыпылықтауы, кемпірқосақ, гало, глория, ымырт, таң шапағы т. б. жатады. Мұндай оптикалық құбылыстар метеорология, астрономия, медицина т.б. ғылымдардың талаптарына сай зерттеледі.