АТЖӘМШІ

 АТЖӘМШІ , жәмшік — лау атын айдаушы; жолаушыларды, хат-хабарларды бекеттен-бекетке жеткізіп тұратын лау аттарын ұстаушы адам. Қазақ жерінде 12-13 ғасырларда сауда жолында тұрған керуен сарайлары мен кіре тартатын аттарды “йам” деген. Түркі тілдерінде кейбіреулерінде “и” дыбысының “ж” дыбысымен алмасуына байланысты қазақ тілінде “йам” сөзі “жам” (жәм) аталған. Орыс тіліндегі орыс. ямщик те осы “йам” сөзімен түбірлес. Осыдан келіп жегілген аттарды айдаушы деген мағынаны білдіретін атжәмші атауы қалыптасқан. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *