АТЖАҚСЫ 

АТЖАҚСЫ – Ақтөбе облысындағы Жем өзенінің сол саласы. Ұзындығы 105 км, су жиналатын алабы 4680 км2 . Мұғалжар тауының солтүстік-батысындағы Намазтау тауының етегінен бастау алады. Арнасы кең, ағысы баяу. Жемге құяр жердегі орташа су ағымы 2 м3 /с. Қараша – сәуіраралығында суы қатады. Жаз айларында кейде суы тартылып, Жем өзеніне жетпей қалады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *