АТБЕГІ 

АТБЕГІ — бәйге атын баптайтын адам. Мұндай бапкерлер ата-бабасынан бері жылқыны қадірлеп, қасиетін білетін кісілер арасынан шығады. Ат жаратушыларды Қазақстанның әр аймағында әр түрлі атайды. Орт., Шығыс Қазақстанда “атбегі”, оңт-те “бапкер”, батыста “атсейіс” дейді. Ежелгі түркі халықтарының жазба ескерткіштерінде, “бек” — ұлық, көсем, әкім деген ұғымды білдірсе, бертін келе жеке істі жете білетін кісіні де соның “бегі” деп атаған. Осыдан атбегі, құсбегі деген сөздері шыққан. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *